Қазақстанда Беларусь индустриялық орталығы ашылады

0
431

​Беларусь индустриялық орталығы Қостанайдың индустриялық аумағында ашылмақ.


Қазақстанда Беларусь индустриялық орталығы ашылады

ERNUR.KZ. Бұл жөнінде Үкімет басшысы Асқар Маминмен кездесу барысында Беалрусьтың премьер-министрі Роман Головченко мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

«Қабылданған шешімдердің бірі – Қостанайдағы индустриялық аумақта Беларусь индустриялық орталығын ашу туралы тоқтам. Ол жөнінде келісілді. Ол – өнеркәсіптік қуаттылықты біріктіріп қана қоймай, ғылыми-техникалық жұмыстарды жүргізіп, мамандарды даярлайтын көпбейінді құрылым. Құжаттарға қол қойылды. Орталық инновациялық дамудың ядросына айналады», – дейді Головченконың сөзін келтірген баспасөз хатшысы Александра Исаева.

Оның айтуынша жұмыс аясында өндірілетін техниканың, трактор, комбайндар мен басқа да көлік құралдарының локализациясы жөнінде шешім қабылданған.

«Біз жаңа элементтердің, шынының өндірісін игеріп жатырмыз. Сонымен қатар тракторлы техникалардың өндірісін де тереңдеттік. Бұл – көзімізге көрініп тұрған нәтижелер», – деп атап өткен Головсенок.

Одан бөлек Беларусьтың ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарын тарта отырып, Қазақстанның сүт-тауарлы кешендерінің нарығына кіруді көздеп отыр.