Қазақстанда бұқашықтар мен картоптың экспортына тыйым салынды

0
849

15 желтоқсаннан бастап 3 ай мерзімге картоп пен сәбізді әкетуге тыйым салынады.


Қазақстанда бұқашықтар мен картоптың экспортына тыйым салынды

ERNUR.KZ. Қазақстанда сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап тірі ірі қара малды әкетуге толық тыйым салу туралы шешім қабылданды, деп жазады inbusiness.kz

25 қараша күні Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ВАК отырысында 15 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан аналық мал басын және ІҚМ бұқаларын 6 ай мерзімге шығаруға толық тыйым салу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, 15 желтоқсаннан бастап 3 ай мерзімге картоп пен сәбізді әкетуге тыйым салынады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда ІҚМ мен ұсақ малдың аналық басын әкетуге тыйым салынады, ал бұқашықтар мен қошқарларды экспорттауға квота беру туралы шешім қабылданды.