​Қазақстанда қазан айында үй қымбаттады

0
1 385

Бірнеше аймақта бағалар орташа деңгейден айтарлықтай өскен.


​Қазақстанда қазан айында үй қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазан айында елімізде тұрғын үйдің орташа бағасы қымбаттады. Бұл туралы Krisha.kz сайтының аналитиктері хабарлайды, деп жазады Baq.kz.

Осы айда ҚР тұрғын үй нарығында оң динамика байқалды. Мұнымен қоса бірнеше аймақта бағалар орташа деңгейден айтарлықтай өскен.

Петропавл қаласында баға индексі көтеріліп, рейтингте көш бастап тұр. Бұл қалада тұрғын үйдің аудан бірлігі 4,8 пайызға өсіп, шаршы метріне 195,3 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, үздік үштікке Өскемен де кірді. Бұл аймақта қыркүйекке қарағанда 3,2 пайыз жоғарылады. Шаршы метрінің бағасы – 174,8 мың теңге.

Көкшетауда да пәтер бағасы қымбататған. Бір ай ішінде 3,2 пайызға көтеріліп, шаршы метрі 185 мың теңгеге жеткен.