​Қазақстанда қонақ үй жүйесіне реформа жүргізіледі

0
304

Еліміздегі қонақ үйлердің дені заманауи әрі халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді екен.


​Қазақстанда қонақ үй жүйесіне реформа жүргізіледі

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

ERNUR.KZ. Еліміздегі қонақ үйлердің дені заманауи әрі халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп жазады inform.kz.

- Қонақ үй сервисінің сапасын арттыру үшін қонақ үйлерді жіктеу жүйесін реформалау жоспарланып отыр. Қолданыстағы қонақ үй критерийлері 2008 жылдан бері өзгертілмеген, - деді Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, еліміздегі қонақ үйлердің дені заманауи әрі халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді.
- Туристердің сапарын жеңілдетіп, жайлы ету мақсатында шекаралық өткізу пункттерінде ұйымдастырылған туристік топтарға басымдық беру, жасыл дәліз тетігін енгізу көзделіп отыр. Қазір аталған механизм Ресей мен Қырғызстан шекарасында пилоттық режимде жұмыс істеп тұр, - дейді ол.