Індет жұқтырған 710 адамның жағдайы ауыр.
Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Коронавирустан 27 науқас, COVID-19 белгілері бар пневмониядан тағы үш қазақстандық көз жұмды.
7 шілдедегі мәлімет бойынша 34 189 адам коронавирус инфекциясынан (32 876 КВИ+ және 1 313 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 708 пациент стационарда, 23 481 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 710 адамның жағдайы ауыр,
- 143 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 75 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 442 291-ге жетті.