Қазақстанда құралған қытайлық электромобиль Ресейде таныстырылды

0
776

Қостанайда шыққан JAC iEV7S нарықтағы ең қолжетімді электрлі көлік.


Қазақстанда құралған қытайлық электромобиль Ресейде таныстырылды

ERNUR.KZ. Ресейде қытайлық JAC брендіне тиесілі iEV7S электромобилі таныстырылды, деп жазады zakon.kz.

Ол көрші елге Қазақстаннан жеткізіледі. Жыл басынан бері Ресейге 700 дана JAC S3, S5 және Т6 экспортталды. Машинаның бағасы 2.3 млн рубль. JAC ЕЭО елдеріндегі ең арзан электромобиль болмақ.

Хетчбэк қуаты 39 кВт/сағ батареямен жұмыс істейтін 115 ат күшіне ие мотор арқылы қозғалады. Жүріс қоры 280 шақырымға жететін машина жылдамдығын сағатына 130 шақырымға дейін арттыра алады. Толық қуаттау үшін сегіз сағатқа жуық уақыт кетеді. Жылдам қуаттайтын бекеттерде бір сағатта 80 %-ға дейін зарядтауға мүмкіндік бар.