Қазақстанда Отбасы күні тойланып жатыр

0
951

Биыл мерекенің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті.


Қазақстанда Отбасы күні тойланып жатыр

ERNUR.KZ. Қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні тойланады. Мереке 2013 жылы бекітілген, деп жазады Zakon.kz.

Мерекенің негізгі идеясы - ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мен неке ұғымдарына сүйіспеншілік тудыру.



Биыл мерекенің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. 2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтті. Аптаның әр күні отбасылық дәстүрлер, некені жоспарлау, ұрпақ саулығы, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптарға арналды. Республика бойынша барлығы 1000-нан астам іс-шара өткізіліп, 1 миллион адам қамтылды.

Бүгін қазақстандықтар "Отбасым – менің байлығым" акциясын бастады. Кез келген азамат әлеуметтік желіде отбасының суретін жариялап, акцияға қосыла алады.