Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасы арзандауы мүмкін

0
375

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары вакциналауға қатысты ақпараттық жұмысқа баға берді.


Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасы арзандауы мүмкін

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда ПТР-тестілеу бағасын арзандату жоспары туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, ПТР (тест – ред.) бағасы қымбаттамайды. Біріншіден, біздің азаматтар вакцинаны таңдайды деп ойлаймын. Оған бек сенімдімін. Қазіргі вакциналау қарқыны да осыны айғақтайды. Екіншіден, ПТР-тестілеудің орташа бағасы 7-8 мың теңге деңгейінде. Жақында ғана ведомствоаралық комиссияда кәсіпкерлер бағаны арзандатып, әрі қарай Еуропа елдерінде қолданылатын жаңа ПТР-тестіні алуды ұсынды. Олар жаңа тәсілдер ұсынып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және кәсіпкерлермен бірге бұл мәселені қарастырып жатыр. Сондықтан, ең алдымен, біз бағаны төмендету мүмкіндігін қарастырамыз», - деп жауап берді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары вакциналауға қатысты ақпараттық жұмысқа баға берді.

«Өздеріңіз білесіздер, бүгінде Қазақстанда жалпы жағдай тұрақталған. Күнделікті өсім 1200 адам деңгейінде, менің ойымша, бұл өте маңызды нәтижелер. Біз қабылдаған шаралар соңғы жағдайға байланысты болып отыр. Біздің әрекет етпеуге құқығымыз жоқ, оның үстіне Қазақстанда барлық белгілері бар айқын қауіп төніп тұр. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барлық жерде жүріп жатыр. Бірақ біз мұның жеткіліксіз екенін түсінеміз және қосымша шаралар қабылдауға мәжбүрміз. Бұл бірінші кезекте азаматтарымыздың қауіпсіздігін, денсаулығын қорғау мен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тұрғыдан бізді дұрыс түсінулеріңізді сұраймын», - деді Ералы Тоғжанов.