Қазақстанда тағы бір қала COVID-19 "сары" аймағына енді

0
2 010

​Бұған дейін денсаулық сақтау министрі "қызыл" аймақта Атырау облысы тұрғанын айтқан болатын. Ал "сары" аймақта - Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан.


Қазақстанда тағы бір қала COVID-19

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласы коронавирустың "сары" аймағына енді, деп жазады sputniknews.kz.

100 мың тұрғынға шаққанда бір аптада вирус жұқтыру және инфекция репродуктивтілігінің біріккен көрсеткіші бойынша Семей COVID-19 "сары" аймағына кірді, деп жазылған қалалық әкімдік хабарламасында.

"Сондықтан қауіпсіздік шаралары мен гигиенаны сақтап, бетперде тағуды сұраймыз. Адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға тырысыңыз", - деді әкімдік тұрғындарға.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "қызыл" аймақта Атырау облысы тұрғанын айтқан болатын. Ал "сары" аймақта - Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтан.