Қазақстанда жаңа баспананың бағасы қымбаттады

0
1 066

Баспана бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%-ға өскен.


Қазақстанда жаңа баспананың бағасы қымбаттады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2019 жылдың маусым айында жаңа баспананың шаршы метрінің бағасы орта есеппен 282 мың 530 теңгені құрап, өткен айдағы көрсеткіштен 0,1%-ға артты, деп жазады ktk.kz.

Баспана бағасы 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%-ға, былтырғы қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 3,1% өскен, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті.

Қайта сатылатын абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрі маусым айында орташа 193 мың 188 теңге (мамыр айымен салыстырғанда 0,5%, 2018 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,4%, 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,9% өскен), абаттандырылмаған баспана құны 120 мың 419 теңге (+0,6%, +1,8% және +2,9%) болды.

Жалға берілетін абаттандырылған баспананың 1 шаршы метрінің бағасы өткен айда орташа 1 436 теңгені құрады (+0,3%, +2,6% және +7,5%).