Қазақстанда жаңа туған 21 нәрестеден коронавирус анықталды

0
611

Ел бойынша 1085 жүкті әйел COVID-19 вирусын жұқтырып үлгерген.


Қазақстанда жаңа туған 21 нәрестеден коронавирус анықталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған әйелдер арасында 21 ананың нәрестесі іште жатқанда вирус жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Абзал болғанда, ол балалардың барлығын дәрігерлер ауыр сырқаттан аман алып қалған.

«Республика бойынша пандемия кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 1085 жүкті әйел тіркелді. Олардың 167-і босанды, балалары сау. Анасынан вирус жұқтырып, туа сала коронавирус анықталған нәрестелер саны – 21. Олардың барлығы қазір жазылып шықты», - деп мәлім етті Бюрабекова.

Айта кетейік, қазір Қазақстан бойынша 249 бала жұқпалы вирустан емделіп жатыр.