Жазғы мектептің форматы қалыпты сабақтан өзгеше болады деп күтілуде.
ERNUR.KZ. Қазақстанда енді жазғы мектеп міндетті болмайды. Ата-аналар 25 мамырдан кейін балаларының оқуын жалғастыра ма, жоқ па, өздері шеше алады, деп жазады stan.kz.
Жазғы мектептің форматы қалыпты сабақтан өзгеше болады деп күтілуде. Үй тапсырмалары болмайды, сондай-ақ икемді сабақ кестесі болады. Инновацияның басты мақсаты – қашықтан оқытудан кейін пайда болған білімнің кемшіліктерін толтыру.
Бұған дейін ведомствода Жазғы мектептер міндетті болады деп мәлімдеген болатын. Бұл ата-аналардың наразылығын тудырды.
“Жазғы мектеп барлығы үшін ұйымдастырылады. Бірақ жағдай әртүрлі болады. Соңғы шешімді ата-аналар мен мектеп оқушылары өздері қабылдайды”, – дейді ҚР БҒМ комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.