Ресейге қатысты енгізілген санкцияларға және тауарларды және/немесе компоненттерді жеткізу бойынша логистикалық тізбектің бұзылуына байланысты кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу шеңберінде шарттық міндеттемелерді орындай алмай отыр.
Қазақстанның сыртқы сауда палатасына Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасынан форс-мажор туралы куәлік ала алмаған кәсіпкерлерден 200-ден астам өтініш келіп түсті. «Атамекен»ҚР ҰКП бұл мәселемен сыртқы істер, қаржы, сауда және интеграция министрліктеріне жүгінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ресейге қатысты енгізілген санкцияларға және тауарларды және/немесе компоненттерді жеткізу бойынша логистикалық тізбектің бұзылуына байланысты кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алу шеңберінде шарттық міндеттемелерді орындай алмай отыр.
«Стандартты процедураға сәйкес Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Қазақстан аумағындағы мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың реттелетін сатып алуларындағы шарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде форс-мажор туралы анықтамаларды береді. Егер мәселенің тамыры Ресейде орын алса, құжатты Ресей Федерациясының сауда-өнеркәсіп палатасынан алу керек. «Атамекен» 2022 жылдың наурызынан бастап көрші елмен хат алмасу мен келіссөздер жүргізуде. Алайда құрылымды диалог құру мүмкін болмады. Сондықтан осы жиынды өткізіп, кәсіпкрлердің мәселелерін шешуге көмек көрсетулеріңізді сұраймыз», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.
Спикердің айтуынша, 2022 жылдың ақпанына дейін қазақстандық кәсіпкерлер РФ Сауда-өнеркәсіп палатасынан осындай анықтамаларды еш кедергісіз алып келген. Сондай-ақ, ҰКП-да Ресей тарапынан форс-мажор туралы куәліктерді ұсыну бойынша жүйелі шешімнің болмауына байланысты келісімшарттық міндеттемелерді орындамау бойынша сот процестерін тоқтату қажеттігі айтылды.
Ведомстволар Ұлттық палатаның Ресей мен Еуроодақ елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталарымен кәсіпкерлердің форс-мажор туралы куәлік алу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу бөлігіндегі ұсынысын қолдады.