Қазақстандық өнерпаз Ресейдің "Балалар дауысы" жобасында үшінші орын алды

0
2 259

Финалда ол "Очи черные" әнін шырқады.


Қазақстандық өнерпаз Ресейдің

ERNUR.KZ. Шымкенттік 11 жастағы Сағын Өмірбайұлы "Балалар дауысы" шоуының суперфиналына өтіп, үшінші орын иеленді, деп жазады tengrinews.kz.

Финалда ол "Очи черные" әнін шырқап, көп дауыспен жобаның алғашқы суперфиналисі атанды.
Жобаның суперфиналында "Единственная моя" әнін орындады.
Жоба жеңімпазы Егор Кред командасының сегіз жасар мүшесі Аделия Загребина болды. Оған көрермендердің 40 пайызы дауыс берді.

Бұған дейін Сағынның анасы Гаухар Ордабекова тілшімізге берген сұхбатында финалға жету жолы оңай болмағанын айтқан еді. Олар Мәскеуге тыңдалымға бару үшін ұшақ билеттерін несиеге алуға мәжбүр болған. Жергілікті мәдениет басқармасы шығынды аз да болсын өтеуге көмектескен, алайда бұл ақша жеткіліксіз болды. Онда тұруға, тамақтануға, сахнаға арналған костюмдерге қаражат қажет еді. Әйтсе де, Сағын финалға өтіп, үміт пен салынған қаражат өзін ақтады.