Қазақстандықтардың 2 млрд теңге қарызы кешірілді

0
905

Бұл науқан бір жарым миллион тұрғынның берешегін кешіруге бағытталған еді.


Қазақстандықтардың 2 млрд теңге қарызы кешірілді

ERNUR.KZ. Елімізде 2 айдан кейін салықтық рақымшылық аяқталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл науқан бір жарым миллион тұрғынның берешегін кешіруге бағытталған еді. Бірақ мүмкіндікті соның үштен бірі ғана қолданған. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің өкілі Дәулет Жарылғасынов мәлімдеді. Оның айтуынша, салығын уақытылы төлемей жүрген отандастарымыз 12 млрд теңге көлеміндегі қарыздарын қайтарған екен. Нәтижесінде 2 млрд теңге берешектері кешірілген. Науқанға алматылықтар белсенді қатысқан, ал Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары енжарлық танытыпты.

– Салықтық рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады. Комитет қызметкерлері қарызын төлемей жүргендермен күресті күшейтуде. Біз жақында үлкен көлемде берешегі бар 100 адамның тізімін сайттарға жариялаған едік. Соның нәтижесінде біраз адам қарыздарынан құтылды. Мұндай әдісті енді тұрақты түрде қолданамыз, - дейді ҚР МКК салықтық әдіснама департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов.