Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиолог, пульмонологтар бар.
ERNUR.KZ. Қазақстанда жергілікті әріптестеріне көмек көрсету келген рессейлік дәрігерлер Нұр-Сұлтанда және басқа да өңірлерде жұмыс істейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
COVID-19 қарсы күресте практикалық және консультациялық қолдау көрсету үшін Мәскеуден арнайы рейспен ресейлік дәрігерлер делегациясы келді.
Министрлік мәліметінше, Қазақстан мен Ресей басшылығы арасындағы келісімдерді жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласына РФ Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев бастаған 32 жетекші маман келеді, бұл дәрігерлер бұрын зерттелмеген жаңа инфекциямен қарсы күрес шараларына тікелей қатысқан.