Қазақстанның шығысында жер сілкінді

0
728

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 915 км жерде орналасқан.


Қазақстанның шығысында жер сілкінді

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Алматы қаласынан 915 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Ulysmedia.kz.


Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мамандары жер асты дүмпулері 27 сәуірде Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 07:44-те болғанын хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 915 км жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8.7. MPV магнитудасы – 4.0.

Эпицентрдің координаттары: 49.27° С. Е. 84.91° Ш. Б. Тереңдігі – 20 км.

Қазақстан аумағында ешқандай дүмпу сезілмегенін атап өткен жөн.

Естеріңізге салсақ, жуырда Алматыда жер сілкінісі тіркелген еді.