Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
ERNUR.KZ. Күн жылынып, ауа райының тұрақталуына байланысты бірқатар облыста жол ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бүгін таңғы 06:00 кезінде Ақмола облысында «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырымы ашылған.
Бұл - Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының шекарасы аралығындағы учаске.
Сонымен қатар, бүгін таңертең Ақмола облысы шекарасынан Павлодар облысының Шідерті ауылына дейінгі тасжолда көліктің барлық түріне жүруге рұқсат берілді. Бұл - «Нұр-Сұлтан -Ерейментау-Шідерті» жолының 200-254 шақырымы.
Одан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен - Семей» автожолының 10-198 шақырымында көлік қозғалысы жанданды.
Бұл - Герасимовка ауылынан бастап Семей қаласына дейін апаратын жол.
Бүгін таңғы 08:00 бастап «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман бұлағы» жолының 7-66 шақырымы, атап айтқанда Ушанов ауылынан Серебрянск қаласына дейінгі аралық та ашылды.