"Қазақтардан кешірім сұраймын!": Божко өз сөзіне өкінетінін мәлімдеді

0
738

Ешқандай ақтауға келмейтін жағдай, түсінемін, егер жазалау керек болса, жазаны өтеуге дайынмын. Кешіріңіздер!


ERNUR.KZ. Қазақ халқына тіл тигізген қостанайлық азамат өз сөзіне өкінетінін мәлімдеп, видеоүндеу жариялады, деп жазады zakon.kz.

Оның айтуынша, ол мұны мастықпен істеген әрі бұл қылығы еш ақтауға жатпайтынын толықтай түсінеді, соған қарамастан қазақ халқынан кешірім сұрайды.

"Youtube желісіндегі украиндық блогермен болған сұқбатымда қатты қателескенімді мойындаймын. Онымен ешкімді ренжіткім немесе қытығына тигім келген жоқ. Барлық ұлт өкілдеріне позитивті көзқарастамын. Ішіп алған едім, мастықтан осындай болды. Қазақ халқына үлкен құрметпен қараймын, айтқаным үшін қатты өкінемін. Мұның барлығы өштік немесе қастықтан туындаған жоқ. Менің Отаным - Қазақстан! Өмір бойы осы жерде тұрып келемін. Ешқандай ақтауға келмейтін жағдай, түсінемін, егер жазалау керек болса, жазаны өтеуге дайынмын. Кешіріңіздер! Қазақ халқынан кешірім сұраймын!", - дейді видеода қостанайлық Кирилл Божко.