"Алтын жалатылған" сәбіздің бағасы жұрттың жағасын ұстатты

0
737

Қызылордада Magnum супермаркетінде сәбіздің келісін 735 теңгеден сатқан.


ERNUR.KZ. Бұл фактіні қала тұрғыны Динара Эшатова әлеуметтік желіге жариялады. Қызылорданың басқа сауда нүктелеріндегі бағалар бұдан сәл ғана төмен болған, деп жазады Stan.kz.

Ашуланған қызылордалықтар жазбаның астына көптеген пікірлер қалдырды. Әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығында шек болмады.

"Әкімдік қайда қарап отыр? Үйінде сәбізсіз, пиязсыз және картопсыз пісіретін шығар", "Сәбіз 735 теңге, алтын жалатты ма?", “Біреуден мал- жан аман ба деп жағдай сұрасудың орнына, ауылдарыңда сәбіз қанша деп сұрайтын күйге жеттік”, – деп жазды олар.

“Ақпарат жауапты тұлғаларға жіберілді. Қосымша мониторинг жүргіземіз және сәйкес келмеген жағдайда қайта бағалау жүргіземіз. Кері байланыс үшін рақмет”, – деді супермаркетте.