​Келінін өлтірді деген күдікпен оралдық азамат қамауға алынды

0
1 177

Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, тергеу судьясы бұрынғы келінін өлтірді деген күдікпен А. деген ер адамды екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. Қанды оқиға Оралда 8 сәуір, жексенбі күні болған. Ақеркенің нағашы ағасы Ержан Сарқытбековтың айтуынша, 1990 жылғы жиен қарындасы бұрынғы күйеуі Саяттан екі жасар баласын алып қайту үшін Семейден Орал қаласына келген.


​Келінін өлтірді деген күдікпен оралдық азамат қамауға алынды

Оралда келінін өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды деп хабарлайдыERNUR.KZinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, тергеу судьясы бұрынғы келінін өлтірді деген күдікпен А. деген ер адамды екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын санкциялады. Қанды оқиға Оралда 8 сәуір, жексенбі күні болған. Ақеркенің нағашы ағасы Ержан Сарқытбековтың айтуынша, 1990 жылғы жиен қарындасы бұрынғы күйеуі Саяттан екі жасар баласын алып қайту үшін Семейден Орал қаласына келген. Ақерке Семейде анасымен тұрған. Оралдық Саятпен танысып, 2015 жылы тұрмысқа шыққан. Бір жылдан кейін ұлы дүниеге келген. Әуелі Оралда, кейін Ақсай қаласында тұрған. Е.Сарқытбековтың сөзіне қарағанда, күйеуі хабарсыз кеткеннен кейін Ақерке Оралда тұратын ата-енесіне барғанда, олар баланы бермейтінін айтқан. Дегенмен, Ақерке баласын өзімен бірге Семейге алып кеткен. Бұдан кейін Саят Семейге келіп, Ақеркені алдап, ұлын ұрлап әкеткен.

«Қарындасымның сау-тамтығы қалмаған. Тепкілей берген, содан кейін пышақтаған. Қайынатасы мен өлтірдім деп мойындағанымен, мұны екеуінен бірдей көріп отырмыз. Ақсай қаласында тұрған кезінде де Саят Ақеркені ұрып-соғатын. Содан жарақат алған ол ауруханаға да жатып шыққан. Мұны бірге жұмыс жасаған адамдар да айтып отыр. Алайда қарындасым ұялып, бұл жөнінде бізге тіс жармаған. Біз тергеудің әділ жүргізілгенін қалаймыз», - деді Е.Сарқытбеков.

Ақеркенің денесін ағалары келіп, алып кетті. Марқұм ертең Семей қаласында жер қойнына беріледі.