ҚМДБ: Қадір түнін қалай өткізу керек?

0
2 165

Бүгін мамыр айының 31-нен маусымның 1-не қараған түн - Қадір түні.


ҚМДБ: Қадір түнін қалай өткізу керек?

ERNUR.KZ. Биыл қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түнге түсіп отыр. Бұл түн Рамазан айындағы ең қасиетті мүбәрак түн болып саналады. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар, деп жазады ktk.kz.

Қадір сөзі араб тілінде тағдыр деген де мағынаны береді. Сондықтан ислам ғалымдары бұл тағдырлар жазылатын түн екенін, Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, өмірі мен өлімін, ризық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын, жаңбырдың жаууын тағы да басқа үкімдерді жазатындығын айтады.

Қадір түні қандай амалдар жасаған дұрыс?

Бұл түні мейлінше құлшылықпен, ұйқысыз дұға жасап өткізген абзал.

Ер кісілер мешітке барып, парыз намаздарды жамағатпен оқып, өзге сүннет, нәпіл, қаза намаздарын оқыған дұрыс.

Әйел кісілерге мешітке бару міндетті емес. Себебі, Алла елшісі: «Әйелдердің ең ізгілері – мешіті үйінің ішінде болғаны» деген.

Қадір түні Құранды көп оқып, біліп-білмей жасаған күналары мен қателіктері үшін Жаратушыдан кешірім сұрап, дұға тілеу ең абзал амалдардың бірі. Сондай-ақ, бұл түнде садақа берген жөн. Себебі, «Садақа беріңдер. Садақа тозақтың отын сөндіреді» деген Алла елшісі.