Ол үшін бөгендерде арнайы датчиктер орналастырылады.
ERNUR.KZ. Еліміздегі қоймалардағы су көлемін бақылауға Финляндия көмектесетін болды. Ол үшін бөгендерде арнайы датчиктер орналастырылады, деп жазады inbusiness.kz.
Құрылғылар судың көбеюін есептеп, автоматты түрде артық көлемді ағызып тұруы тиіс. Әзірге жобаға қатысты қос тараптың су ресурстары министрлігі келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ қазақстандық гидролог студенттер Финляндияда білімін жетілдіретін қос диплом бағдарламасы қабылданды.