Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Көкшетауда 9 жастағы қыз асылып қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Nayzakokshe инстаграм-паблигінің жазуынша, қыздың денесін әкесі тапқан. Көпбалалы отбасында болған қайғылы жағдай туралы редакция полиция департаментінен түсініктеме сұратты.
«Полиция департаменті бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады Ақмола ПД.
Пабликтегі ақпарат бойынша қыз үшінші сыныпта оқыған. Қазан айында ол 10 жасқа толуы керек еді.
Айта кетерлігі, Қазақстанда жылына 4 мыңға жуық тұрғын өзіне қол салады. Оның ішінде жыл басынан бері 112 балалар суициді тіркелді.