Бұл шеруге 1600 әйел қатысып, республика бойынша жаңа рекорд орнатылды.
ERNUR.KZ.Көкшетауда ұлттық дәстүрімізді дәріптеген ерекше шара өтті. Кимешек киген аналардың шеруі Қазақстан рекордтар кітабына енді, деп жазады sputnik.kz.
Бұл шеруге 1600 әйел қатысып, республика бойынша жаңа рекорд орнатылды.
Шеруге көпбалалы аналар, ұстаздар, дәрігерлер, өнер адамдары мен өзге де сала өкілдері қатысты. Сондай-ақ, шараға Астана мен Солтүстік Қазақстан облысынан келген нәзікжандылар да қосылды.
Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков шеруді рекорд ретінде тіркеп, Ақмола облысының әкіміне арнайы сертификат табыстады.