Бұл кісі 2011 жылы президент сайлауына қатысып, үшінші орын алған болатын.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстанның халықтық коммунистік партиясының кезектен тыс XIV-ші сьезі өтіп, онда партия президент сайлауына өз кандидатын шығарды, деп жазады Zakon.kz.
Партия мүшелері бірауыздан алдағы 9 маусымда өтетін ҚР Президенті сайлауына үміткер ретінде мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбековтың кандидатурасын қолдады.
Жамбыл Ахметбеков 1961 жылы Целиноград облысы Қорғалжың ауданындағы Жантеке ауылында дүниеге келген.