Алматыда көп қабатты тұрғын үйдің оныншы қабатындағы балконға белгісіз адам асылып өлді.
ERNUR.KZ. Азаматтың видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады Экспресс К.
Көпқабатты тұрғын үйдің балконында мойнына арқан іліп, асылып өлген адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Жергілікті тұрғындар қайғылы жағдайдың қаладағы 12-ықшамауданда болғанын айтуда. Бейнежазбада автор балалардың сыртқа шықпауын сұраған.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.