Қордайда полицейлерге шабуыл жасаған ағайынды 3 жігіт қамауға алынды

0
759

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде полицейлерге күш қолданған үш адамның видеосы тарап кеткен еді.


Қордайда полицейлерге шабуыл жасаған ағайынды 3 жігіт қамауға алынды

ERNUR.KZ. Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне зорлық-зомбылық жасау ісі бойынша тергеу аяқталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Құзырлы органның хабарлауынша, 7 ақпанда Жамбыл облысының Қордай ауданы Сортөбе ауылында жол полициясының қызметкерлері Л.Воингуй есімді азамат отырған Honda Odyssey автокөлігін тоқтатқан.
"Көліктің құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылады. Алайда, ол полиция қызметкерінің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған. Ол жақта ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп, полицейлерге қарсы зорлық-зомбылық жасаған. Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тарап кетті", - делінген ақпаратта.
Бұл факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокуроры қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.
Үш айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.
14 ақпанда қылмыстық іс Қордай аудандық сотына жолданды.