Қордайдағы қақтығыс: 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды

0
818

Қақтығысқа қатысты жаңа деректер шығып жатыр.


Қордайдағы қақтығыс: 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Қордайдағы қақтығысқа қатысты 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды, олардың 11-і - адам өлтіру дерегі бойынша. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгінде 100-ден аса адамнан жауап алынды, процессуалдық іс-шаралар жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті процессуалдық дәлелдерді алған соң кінәлілер жауапкершілікке тартылады", - деді Қожаев.

"Қылмыстық істер өте көп, оған қоса, күнделікті тағы қосылып жатыр. Себебі қақтығысқа қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Бүгінде 90-қа жуық қылмыстық іс қозғалды", - деді ол.

Ведомство өкілі нақты қанша адамның ұсталғаны жайлы мәліметті кейінірек айтуға уәде берді.