Індет жұқтырған 616 адамның жағдайы ауыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 16 сәуірдегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
16 сәуірдегі мәлімет бойынша, 36 868 адам коронавирус инфекциясынан (36 393 КВИ+ және 475 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 941 пациент стационарда, 23 927 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 616 адамның жағдайы ауыр;
• 168 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 118 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.