Қазақстанда өткен тәулікте 18 адам коронавирустан, 1 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 19 адам қайтыс болды. Ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Министрлік мәліметі бойынша, 20 912 адам короновирус инфекциясынан (17 654 КВИ+ және 3 258 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 185 пациент стационарда, 14 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 259 адамның жағдайы ауыр;
• 63 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 37 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ, 19 наурыздағы мәлімет бойынша 51 жаңа жағдай тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталған, 196 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 50 100;
өлім жағдайлары – 661;
барлығы 46 181 адам сауығып шықты.