Бүгін Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу мәселесін келісті.
ERNUR.KZ. Қазақстан үшін коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын Ресей тікелей инвестициялар қорының халықаралық серіктесі шығарады, - деп жазады tengrinews.kz.
Бүгін Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу мәселесін келісті.
"СҚ-Фармация" компаниясы - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бірыңғай дистрибюторы. Қазақстанға вакцинаның партиясын Ресей тікелей инвестициялар қорының халықаралық серіктесі жеткізеді деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
"Келісімге сәйкес Қазақстанға "Спутник V" ресейлік вакцинаның 2 миллионнан аса дозасын жеткізу керек. Болашақта серіктестермен бірге вакцина көлемін 5 миллион дозаға дейін ұлғайтуды қарастырамыз", - деді Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев.