Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Қауіпті індет елдің батыс өңіріне де жетті, деп жазады 24.kz.
Шетелден оралған ақтөбеліктен вирус анықталып, ауруханаға жатқызылды. Қазір онымен байланыста болған барлық азаматты оқшаулау қолға алынған. Бұл індетті жұқтырған азамат Ақтөбеге Мәскеуден келген және онымен бірге ұшақта 57 жолаушы және 6 экипаж мүшесі болыпты.
Қазір олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.