Нұр-Сұлтан қаласында тағы 3 адамнан қауіпті індет анықталды.
Қазақстанда тағы 3 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Нұр-Сұлтан қаласынан анықталды. Бүгінгі күнге дейін жалпы 52 науқас тіркелді. Алматы қаласында - 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 28 адам, Қарағандыда - 2 адам жұқтырған", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасында.
Осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 52-ге жетіп отыр.