Қостанай облысында бір ауданды "жарып жібермек" болған жігіт ұсталды

0
550

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Қостанай облысында бір ауданды

ERNUR.KZ. Қостанайлық полицейлер аудан орталығына "бомба қойылғанын" хабарлаған 27 жастағы ер адамды ұстады, деп жазады ҚазАқпарат.


Ақпаратты агенттік тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 2020 жылғы 20 шілде күні «112» нөміріне белгісіз біреу хабарласып, Алтынсарин ауданы орталығына жарылғыш зат қойылғанын, аудан түгелімен жарылып кететінін айтқан.


«Іс-қимыл алгоритміне сәйкес қосымша күш-құралдарды тарта отырып, арнайы жоспар жүргізілді. Жүргізілген іс - шаралар нәтижесінде Алтынсарин ауданы, Сатай селосының 27 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Ол мас күйінде осы ақпаратты қасақана хабарлаған» дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.


Қазіргі уақытта ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.