Өрт аумағы - жеті шаршы метрді құраған.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында салонында екі жасар сәби отырған көлік өртенді, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға 9 қыркүйекте Затабольск ауылында болған. Облыстық ТЖД өкілдері "Светофор" сауда орталығының аумағында "Лада-Приора" маркалы автокөлік өртенгенін айтты.
Өрт салдарынан салонда отырған екі жасар баланың беті және қолы күйіп қалған. Оқиға болған кезде ол көлік салонында отырған.
Зардап шеккен бала облыстық ауруханаға жеткізілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт аумағы - жеті шаршы метр.