Білім ордасы Қостанайдағы жетінші қазақ мектебі.
ERNUR.KZ. Қостанайда қазақ мектебі ашылды. 40 жыл бұрын салынған колледж ғимараты төрт айдың ішінде жаңа кейіпке еніп, гимназия атанды, деп жазады 24.kz.
Оқу ордасын жөндеуге 250 миллион теңге жұмсалды. Нысанның шатыры, су, жылу құбырлары ауыстырылды. Сыйымдылығы 900 орындық мектептің бүгінде жартысы толды. Сондай-ақ осы айдың соңына дейін шағын орталық жұмысын бастайды.
Айта кету керек, аталған білім ордасы Қостанайдағы жетінші қазақ мектебі.
"Барлық кабинеттер заман талабына сай жабдықталып отыр. Соның ішінде биология, химия, физика, информатика, ІТ-технология кабинеттерін мақтанышпен айтып өте аламыз. Әрбір кабинет, мысалы бір ғана физика кабинетін алатын болсақ, ол кабинет 2 млн 200 мың теңгеге түсіп отыр" - дейді қалалық №28 мектеп-гимназиясының директоры Айгүл Қазиева.