Қостанайда KIA автокөлігінің жаңа модельдері құрастырылады

0
2 327

Жоба шеңберінде жылына 20 мың KIA автомобильдерін шығару жоспарланған.


Қостанайда KIA автокөлігінің жаңа модельдері құрастырылады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қостанай облысына жұмыс сапары аясында автомобиль жасау және ауыл шаруашылығы техникасын өндіру саласындағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы «KIA Motors Россия и СНГ» ЖШҚ президенті Ким Джинмен бірлесіп «СарыарқаАвтоПром» ЖШС зауытында KIA өндірістік желісінің ашылу рәсіміне қатысты. Жоба шеңберінде жылына 20 мың KIA автомобильдерін шығару жоспарланған. Өнімді оқшаулау деңгейі шанақтарды дәнекерлеу және бояу операцияларын қоса алғанда, ұсақ торапты өндіріс технологияларын қолдану арқылы 50%-ға дейін арттырылатын болады.

«Автомобиль жасау Қазақстанның индустриялық дамуының стратегиялық маңызды бағыттарының бірі және ол жыл сайын оң динамиканы көрсетіп келе жатыр», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр «KamLitKZ» шойын құймасын өндіру зауытының құрылыс барысымен танысты. Құрылыстың бірінші кезеңін 2021 жылдың қазан айында, екінші және үшінші кезеңдерін 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Жобаның құны 80 млрд теңгені құрайды. 300 жаңа жұмыс орны құрылады. Жобалық қуатына қол жеткізген соң өндірісте К5 жаңа буынның жүк көліктеріне арналған жетек картерлері, цилиндр блоктары мен қозғалтқыш цилиндрі блоктарының бастиектері шығарылып, жалпы көлемі жылына 40 мың тоннадан астам шойын құймасын құрайтын болады. Жобаны іске асыру Қазақстанды «КАМАЗ» ЖАҚ жеткізушілерінің жаһандық технологиялық тізбегіне енгізеді — өнімнің 95%-ы экспортталатын болады.