Қостанайда қызына өкпелеген жігіт көпірден секірмек болды

0
539

Полицейлер оны құтқарып қалу үшін шұғыл шара қолданған.


Қостанайда қызына өкпелеген жігіт көпірден секірмек болды

ERNUR.KZ. Қызымен ұрсысып қалған бозбала өз-өзіне қол салмақ болды, деп жазады Экспресс К.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпірден секіремін деп, таянышына ілініп қалған оны патрульдік полицейлер құтқарып алған.

Хабар келісімен айтылған орынға дереу автопатруль жетті. Олар көпір ернеуінен бір қолмен ұстап, салбырап тұрған жігітті көрген. Тәртіп сақшылары өзен жағалауына түскенде ол көмек сұрап айқайлап жіберіпті, — дейді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлер оны құтқарып қалу үшін шұғыл шара қолданған. Жігітке көпір үстімен барып көмектесу мүмкін емес еді. Сондықтан олар ойланбастан суға секіреді. Өздерімен құтқару шеңберін алып барған.

Біз көпірдің орта тұсына дейін жүзіп бардық. Одан соң оның бағаналарына баспалдақпен көтерілдік. Ақырында көпірдің таянышында ілініп тұрған жігітті құтқарып қалдық. Оның секірген кезде қолы сынып, басы жарылғанын көрдік, дейді құтқарушының бірі, лейтенант Дархан Тілеубергенов.ПД баспасөщ қызметі

Тәртіп сақшылары жігітті ақырындап суға түсіріп, кейін оның жүзіп жағаға дейін жетуіне жәрдемдескен. Жедел жәрдем келіп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Қауіпті жағдайда дереу шешім қабылдай алған екі полицей марапатталатын болды.