Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

0
2 479

Қазақстан президентінің жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.


 Қуанышбек Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының жаңа әкімін тағайындады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақордаға сілтеме жасап.

"Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақов Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген құжатта.

Бұдан бұрын Ысқақов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған еді. Ал бұрынғы өңір басшысы Қырымбек Көшербаев Тоқаевтың жарлығымен президен әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған.

Қуанышбек Ысқақовтың өмірбаяны

1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жахаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтын - инженер-құрылысшы, Қызылорда политехникалық институтын - бухгалтер-экономист, Қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін - заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда жиһаз фабрикасында 1-ші разрядты станокшы ретінде бастаған.

1993-2003 жылдары Қызылорда облысы бойынша салық комитетінде маман, инспектор, сектор меңгерушісі, төраға орынбасары қызметтерін атқарған.

2003-2011 жылдары - Батыс-Қазақстан облысы бойынша салық комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы, Қызылорда облысы бойынша салық департаментінің бастығы,

2011-2015 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары, Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы, Маңғыстау облысы бойынша салық департаментінің басшысы, Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2015 жылдың шілде айынан желтоқсан айына дейін Қызылорда облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының басшысы лауазымында болған.

2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.