Құлыбаевтар "Қазақстан халқына" қорына 10 млрд теңге аударды

0
878

​Қаңтарда Құлыбаевтардың отбасы Halyk Bank және "Халык" қайырымдылық қоры арқылы "Қазақстан халқына" қорына әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржы аударған.


Құлыбаевтар

ERNUR.KZ. Құлыбаевтардың "Халық" қайырымдылық қоры "Қазақстан халқына" қорына 10 млрд теңге аударды, деп жазады sputnik.kz.

"Халық" қорының құрылтайшылары Тимур және Динара Құлыбаевтардың аударымы арқылы қор қаражаты толықты. Олардың қолдауының арқасында "Халық" қоры қазақстандықтарға жүйелі түрде көмек көрсетіп келеді: 2020-2021 жылдары ғана қор 18 млрд теңгенің қайырымдылық шарасын жүзеге асырды", - делінген хабарламада.

Қаңтарда Құлыбаевтардың отбасы Halyk Bank және "Халык" қайырымдылық қоры арқылы "Қазақстан халқына" қорына әлеуметтік мәселелерді шешуге қаржы аударды.

"Мемлекет басшысы маңызды бастама көтеріп, үкімет пен қайырымдылық ұйымдарын, меценаттарды Қазақстанның әр тұрғынына жағдай жасау үшін ынтымақтасуға шақырды. Біз бұдан кейін де президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің дамуына бағытталған бастамаларын қолдауға дайынбыз", - деді "Халық" қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Құлыбаева.