Бірқатар өңірде жаңбыр жауады.
Алдағы үш күн ішінде Қазақстанның басым бөлігінде циклон жүріп, әсіресе еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазгидрометтің хабарлауынша, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, дауыл соғады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы да мүмкін. Ауа температурасына келетін болсақ, күндіз сынап бағаны 20-25 дейін төмендеп, кей жерлерде 28 градус жылы болады деп күтіледі.