Күн суытады: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

0
2 569

Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.


Күн суытады: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

"Қазгидромет" орталығы мамандары 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағынан оңтүстік циклон өтеді, сондықтан елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, жауын жауады, солтүстік-батыста кей жерлерде нөсер болуы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.