Жастар АХАТ-та неке тіркегеннен кейін бірден ХҚКО-ға келген.
ERNUR.KZ. Қостанайда қалыңдық ХҚКО-ға той көйлегін киіп келген, деп жазады nur.kz.
"Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" АҚ басқарушы директоры Мұрат Жұманбай Қостанай облысындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында түсірілген суретті бөлісті. Фотодан қалыңдықтың той көйлегімен құжатқа суретке түсіп жатқанын аңғаруға болады.
Жастар АХАТ-та неке тіркегеннен кейін бірден ХҚКО-ға келген. Мұрат Жұманбайдың сөзінше, жас жұбайлар қалыңдықтың тегін ауыстыруды шешкен және той киімімен жаңа құжатқа өтініш тастауға келген. Суретте қыз куәлікке той көйлегімен суретке түсіп отыр.
"Жаңа дәстүр - АХАТ-тан ХҚКО-ға. Егор мен Наталья АХАТ-та некелерін қия салысымен, жас күйеу жігіт әйелін жаңа тек алуға ХҚКО-ға алып келді",- деді Мұрат Жұманбай.