Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында магнитудасы 4,2 жер сілкінісі болды

0
399

Жер асты дүмпулерінен зардап шеккендер жоқ.


Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында магнитудасы 4,2 жер сілкінісі болды

ERNUR.KZ. Магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісі Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі 12:27-де (Астана уақытымен 07:27) болған, эпицентр екі республиканың шекарасында Дарот-Коргон ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым және Ош қаласынан 140 шақырым жерде болған.

Сейсмологтар жер сілкінісін 3 баллдық күшпен Дарот-Коргон, Ачык-Суу, Қара-шыбық, Жар-Башы ауылдарында, 2,5 баллдық күшпен — Қарамық, Шибээ, Құлчу, Чак, Қызыл-Эшме елді мекендерінде тіркегенін атап өтті.

Жер асты дүмпулерінен зардап шеккендер жоқ, ешқандай нысан қирамаған.