Қаза тапқан оқушы Нұр-Сұлтан қаласынан барған.
ERNUR.KZ. Қырғызстанның Қарақол қаласындағы тау-шаңғы базасында қаза тапқан 12 жастағы қазақстандық жасөспірімге қатысты жаңа деректер жарияланды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
3 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының 35 жастағы тұрғыны 13 жастағы ұлымен Шу облысының Тоқмақ қаласындағы немере ағасының үйіне қонаққа келген. 10 қаңтарда немере ағасы отбасымен және жиенімен Қаракөл қаласына барып, сондағы тау-шаңғы базасына демалған.
Полицияның хабарлауынша, жасөспірімнің жасы 12-де емес, 13-те екен. 31 қаңтарда марқұм 14 жасқа толар еді.
«12 қаңтарда сағат 13:00-де тау шаңғысы базасында демалу кезінде кәмелетке толмаған бала 3040 метр биікке көтеріліп, батыс трассамен төмен түсті. Шамамен 2700 метр биікте батыстан шығысқа қарай бұрылған кезде ол жылдамдықты басқара алмай, шыршаға барып соғылған. Нәтижесінде алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған», - делінген ақпаратта.