Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында қазақстандық жасөспірім қаза тапты

0
2 178

Оқиға Ыстықкөл облысында болған


Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында қазақстандық жасөспірім қаза тапты

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Қарақол қаласындағы тау-шаңғы базасында 12 жастағы қазақстандық жасөспірім қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Бүгін, 12 қаңтар, шамамен сағат 15.00-де шаңғымен төмен сырғанап бара жатқан жасөспірім шыршаға соғылып, көз жұмғаны жайлы хабар түсті», - деді Ыстықкөл облысы ішкі істер басқармасының басшысы Ұлан Асанбаев.

Сот-медициналық сараптама үшін жасөспірімнің денесі Ыстықкөл облысының ауруханасына жеткізілді.