Қызылорда облысында 240 келі уран концентраты тәркіленді

0
973

Қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.


Қызылорда облысында 240 келі уран концентраты тәркіленді

ERNUR.KZ. 2019 жылдың 23 қазанында ҚР ҰҚК қызметкерлері Қызылорда облысы аумағында 240 келі уран концентратын сату әрекетінің жолы кесілді, деп жазады Zakon.kz.

Өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталып, оларға Қылмыстық Кодекстің 283 бабының 2 бөлігі бойынша "радиоактивтi заттармен, радиоактивті қалдықтармен, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу" күдік келтірілді.

Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді (радиологиялық және токсикологиялық зардаптар).

Тергеу мәліметтері бойынша радиоактивті зат қылмыстық топ өкілдерімен ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған.

Басқа ақпарат сотқа дейінгі тергеу мүддесінде жария етілмейді.