Қызылорда облысында балалар үйінің тәрбиеленушісі 4 күннен бері іздестіріліп жатыр

0
2 079

Хабарсыз кеткен үш қыздың екеуі Алматы қаласынан табылды.


Қызылорда облысында балалар үйінің тәрбиеленушісі 4 күннен бері іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Қызылорда қаласындағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен» балалар ауылынан кетіп қалған қыз 4 күннен бері әлі табылмай жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

2004 жылы 27 тамызда туған Ділдә Мұсабекқызы Нұғманова (құжат бойынша - Нугманова Ділда Мусабековна) 25 наурыз күні түнгі 02:00 шамасында балалар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Белгілері: бойы 175 см, шашы қара түсті иығынан түскен, кекілі сары түске боялған.

Үстінде қара түсті куртка, көк түсті джинсы шалбар, ақ түсті спорттық үлгідегі аяқ киім.

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар беруге болады: 8 (7242)-29-70-10, 8 (7242)-29-75-20, 8 (7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25.

Еске сала кетейік, 27 наурызда Қызылорда қаласындағы отбасы үлгісіндегі «Атамекен балалар ауылы» үйінде тәрбиеленіп жатқан үш жасөспірім қыздың іздестіріліп жатқаны хабарланды. Хабарсыз кеткен үш жасөспірім қыздың екеуі Алматы қаласынан табылса, үшіншісі әлі табылған жоқ.