Қызылорда облысында кене шаққан ер адам көз жұмды

0
444

Биыл індет басталғаннан бері қалада 54 адам кене шаққан.


Қызылорда облысында кене шаққан ер адам  көз жұмды

ERNUR.KZ. 2023 жылы Қызылорда облысында конго-қырым геморрагиялық қызбасының 13 жағдайы тіркеліп, оның біреуі клиникалық және зертханалық түрде расталған. 18 сәуірде осы аурудан бір адам көз жұмды, деп жазады Stan.kz



Қызылорда конго-қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Инфекцияның тасымалдаушылары – иксодид кенелері.

Биыл індет басталғаннан бері қалада 54 адам кене шаққан.

"Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – ауыр зардаптарға әкелетін жұқпалы ауру. Инфекцияның көзі және тасымалдаушысы – иксодид кене. Ауру сәуірден қазанға дейін кененің көбеюіне байланысты ушығады. Көбіне ауылшаруашылық қызметкерлері осы ауруды жиі жұқтырады", – делінген хабарламада.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары:

  • Далада жұмыс істегенде, мал баққанда, кене шағып алмас үшін жеңі ұзын жабық киім киіп, шалбарды шұлықтың ішіне тығып, резеңке қолғап киіп, дененің ашық жерлерін толығымен жабу керек;
  • Кене шаққан жағдайда оны қолмен алып тастамаңыз, қысқышпен абайлап алыңыз. Шаққан жерді йодтың 5% спирт тұнбаларымен немесе 70% спиртпен өңдеп, дереу жақын жердегі медициналық мекемеге хабарласу керек.